2026 жылғы 30 мамыр күні «Тау Самалы» балалар сауықтыру кешенінде «Цифрлық буын балаларын тәрбиелеу және демалысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында тәлімгерлер мен педагогтарға арналған семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар үшін заманауи форматтағы «Digital Kids: түсіну, қабылдау, бағыттау» атты тренингтер мен тәжірибелік шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бұл сабақтарда балалардың цифрлық ортадағы мінез-құлқы, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып тәрбиелеу жолдары кеңінен талқыланды.
Семинарда лагерь басшысы Сертекова Галия Азимбековна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кравчук Евгений мен аға-тәлімгер Спабек Еркебұлан өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға құнды кеңестер ұсынды.
Аталған шара педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, жазғы демалыс кезеңінде балалармен жұмысты жаңа деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік ашты.








8 Комментарии
Бүгінгі өткен семинар жаңадан келген тәлімгерге,бізге өте пайдалы болды.Лагерь тәртібі,ішкі заңдары туралы толығырақ таныстық.
Бүгінгі семинар-практикум өте мазмұнды әрі пайдалы өтті. «Цифрлық буын балаларын тәрбиелеу және демалысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбы қазіргі заман үшін өте өзекті. Тренингтер мен шеберлік сабақтары барысында балалармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерімен танысып, көптеген пайдалы ақпарат алдық. Өз тәжірибелерімен бөліскен спикерлерге және ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіремін. Алған білімімізді жазғы лагерь жұмысында тиімді қолданамыз деп сенемін! 🌟
семинар ерекше форматта өтті,лагерьдің ішкі тынысын 1ақ күнде танытты.Тәлімгерлердің жұмысқа үйреніп кетуіне таптырмас тәсіл.
Ұйымдастыру деңгейі жоғары, мазмұны өзекті семинар болды. Балалардың цифрлық ортадағы ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алдым. Әр бөлімнен өзіме қажетті ақпарат пен жаңа көзқарас қалыптастырдым. Рақмет!
Ұнадыыы, алдыңғы жылдағыдан көңілді әрі қызықты өтті👍🏻 Көп пайдалы, қызықты мәлімттер алдық. Жұмысты жаңа қырынан таныдыық.
Өте жақсы форматта болды. Бастысы наглядность пен шағын, бірақ өте маңызды тәжірибе өткізілді
Барлықтарыңызға рахмет Бүгінгі ұйымдастырылған семинар өте қызықты өтті Тәжірибемен бөлісіп,жаңа эмоцияға толы күн болды
Семинар өте ұнады! Ұйымдастыру деңгейі жоғары болды, бәрі жақсы ойластырылған. Әсіресе топтық жұмыстар қызықты өтті. Жаңа тәжірибе алып, жақсы әсермен қайттым. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет!